Екібастұзда жоғалған екі оқушының мәйіті табылды

0 351

Екібастұзда жоғалып кеткен 15 жастағы екі оқушылардың мәйіті табылды

 

Бұған дейін оқушылардың заттары шомылуға жабдықталмаған жергілікті су қоймасы жағасынан табылған еді.

«Жақын маңда шомылып жүрген балалар заттарды тауып алып оларды өздерімен алып кеткен. Кейін олар полицияға хабар берген, бірақ су қоймаларының атауын шатастырып алған. Сондықтан алдымен жаңа көпір маңындағы шұңқырдан іздей бастадық. Іздеу кезінде көрші су қоймасын да тексеруді ұйғардық. Сол жерден балалардың денесі табылды», — деді еріктілер.

Мәйіттері де сол су айдынан табылды.

«Балалар қаза болды. Оларды жағадан сегіз метр қашықтан тапты. Біреуі екіншісін құтқарам деп, бірге батып кетуі мүмкін. Туған-туыстарына көңіл айтамыз», — деді еріктілер.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жасөспірімдер шомылу кезінде суға батып кеткен.

Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.