Коронавирусқа қарсы вакцина қауіпсіз бе?

0 383

Бұл сауалға Сарысу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері дәрігері Бағила Бегманова жауап берді:

«Қазақстанда тұрғындарды иммунизациялау үшін мемлекеттік тіркеудің ем-шарасынан өткен вакциналар қолданылады. Мемлекеттік тіркеу ем-шарасы – күрделі көп кезеңді үрдіс және де нағыз замануи жабдықпен жабдықталған Республикалық иммунологиялық зертханасында вакциналарға қатысты зертхана бақылауы іске асырылады.

Қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша егжей-тегжей талдауы жүргізіледі, қосымша заттардың тұрақтылығына, ерекшелігіне, сезгіштігіне баға беріледі. Тіркелетін вакцина үшін өндіруші-елінде мемлекеттік тіркеуінің болуы, сондай-ақ өндіруші-елінде және басқа елдерінде клиникалық қолдануы бойынша деректерінің болуы талап етіледі.

Қазақстанда иммунизациялау бойынша Ұлттық консультативтік комитеті құрылғандығын, онда вакциналарды қолданудың халықаралық тәжірибесін, қолданылатын вакциналардың тиімділігін, жаңадан қолдануға енгізілген вакцинарды егжей-тегжей зерделейтін, денсаулық сақтау ісінің түрлі салаларының ғалымдары қатысатынын ескеру керек.

Мақсаты-көрермен жинауға бағытталған ғаламтор желісіндегі белгісіз азаматтардың әртүрлі алып қашпа дәлелі жоқ ақпараттарға сену орынсыз. Әрбір жеке тұлға саналы түрде, жан жақты вакцинаның пайдасын зерделей отырып, өзін және өзгелерді қорғай алады»,-деді

Leave A Reply

Your email address will not be published.