Руханы байлық – басты құндылық

0 277
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру шеңберінде «Рухани-адамгершілік» бағыты бойынша «Жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелей отырып, рухты елжанды ұрпақ қалыптастыру» тақырыбында сұхбаттасу жиыны өтті.
Жиынға Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы, аудандағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына жауапты маманы Б.Мақашева қатысып, сөз сөйледі.
Өз сөзінде: — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат.
Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселелердің көтеріліп отырғандығын атап көрсетті және жастарға «Рухани жаңғыру» бағдарламасын кеңінен насихаттады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.