Жеке мәселелері бойынша қабылдады
«Нұр Отан»партиясы аудандық филиалында Жамбыл облыстық полиция департаменті, жергілікті полция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Рахымберді Дулатұлы Әшкеев азаматтарға жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Сонымен қатар, қабылдауға партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Есмұрзаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Алметов, партия аудандық филиалының консультанты М.Пірімбек және аудан тұрғындары қатысты.
Қабылдау барысында аудандағы жол ережелерінің белгілерін реттеу, аудандағы полиция инспекторларының жұмысы және жол көлік оқиғаларының алдын алу шараларының барысы туралы мәселелер қозғалды.
Аталған мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.