Көпке үлгі боларлық игі іс
Айналамыздағы адамдарға қуаныш пен жылулық сыйлау – жақсы амалдардың бірі.
Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөліне бастады.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан басшысы Марат Сұлтанғалиев пен аудандық мәслихат депутаты Талғат Түсіпбеков ауданымыздағы бірқатар мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлерінде болып хал-жағдайларымен танысты.
Аудан басшысы кездесу барысында олардың әрқайсымен жеке дара тілдесіп, көкейлерінде жүрген ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Тыңдай отырып болашақта өз аяқтарымен жүріп кетуді армандаған екі азаматты аудандық орталық ауруханадан толықтай тексеруден өткізуге жіберді.
Қазіргі таңда екеуінің біреуін облыс орталығына, біреуіне оңалту жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы облыс орталығынан мүмкіндік болмаған жағдайда Нұрсұлтан қаласына жіберуді көздеп отырмыз.
Мұндағы мақсат әрбір мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үміттерін жағып, олардың қатарымызға қосылуына толыққанды жағдай жасау дейді.
Аудан басшысының бұл игі қадамы көпке үлгі боларлық.
Халық қалаулысы Талғат Болатұлы осы кездесуде азық-түлік пакеттерін табыстап, дендеріне саулық тілеп, ізгі ниеттерін білдірді.