Танымал түлектер бас қосты
Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сарысу ауданында «Жомарт түлек-2021» форумы өтті.
Кездесудің басты мақсаты – елімізге белгілі түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету.
Түлектерді туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысуға тарта отырып, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жолындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісу.
Сан салада ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген танымал түлектер жетістікке жету тәжірибесімен және туған ауылдары туралы естеліктерімен бөлісіп, бірқатары бейнебайланыс арқылы, түлектердің басым бөлігі кездесуге келді. Осындай игі іске қолдау білдіріп, Сарысу аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қатысты.
— Облыс әкімі Бердібек Машбекұлының бастамасымен басталған «Жомарт түлек 2021» түлектер кездесуі Сарысу ауданында да жалғасын тауып туған жеріне, халқына деген сүйіспеншіліктен туған осындай игі іс-шаралар патриоттық сезімді күшейтіп, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосады деп сенеміз. Облыс әкімі Бердібек Машбекұлының бастамасымен ақпан айында алғаш рет облыстық «Жомарт түлек-2021» форумы өтті. Осы игі істің жалғасы ретінде ауданнан түлеп ұшқан түлектер мен жомарт азаматтар бүгінгі форумда бас қосып отыр. Форумға барлығы 44 азамат қатысып отыр. Олардың 18-і осы залда болса, 26 түлек онлайн формат арқылы қамтылған. Атап айтқанда, Республика көлемінде танымал, түрлі деңгейде қызмет атқарып жүрген 12 азамат, облыстық деңгейде 5 және жергілікті жерден 17 азаматы қатысуда. Сарысу ауданы – береке-бірлігі жарасым тапқан елдіктің тұғырлы мекені. Осы киелі мекенде қызмет атқарып, туған еліне тірек болған, туған жерінің гүлденуіне үлес қосқан, сындарлы кезеңде абыройға бөленген асыл азаматтар түлеп ұшқан. Бүгінде ауданда «Жамбыл-түлек.kz» сайты ашылып, онда 10373 түлектің өмір жолы, жетістіктері, көрсетілген көмектері туралы ақпараттар енгізілген. Олардың ішінде: мәдениет және өнер майталмандары, ақын-жазушылар, саяси және мемлекеттік қызметкерлер, білім және ғылым қызметкерлері, денсаулық сақтау саласының мамандары, құқық қорғау саласының қызметкерлері, спорт саңлақтары бар. Отанға деген патриоттық сезім туған жерді құрметтеуден бастау алса, әрбір түлектің кіндік қаны тамған атамекенін, білім алған мектебін түлетуге үлес қосуы – азаматтық парызы болып табылады. Осы орайда, 2020 жылдан казіргі уақытқа дейін «Туған жер», «Мектепке тағзым» жобалары аясында апталы азаматтар алтын бесік – ауылының ажарлануына, көркейіп, дамуына 13 млн. 931 мың 501 теңгеге көмек көрсеткен. Егемен еліміздің қол жеткізген жетістіктеріне түлектердің, яғни Сіздердің де қосқан үлестеріңіз зор! Бүгінгі форум Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – осы жетістіктерімізді одан әрі еселей түсудің, алға қойған ұлы мақсаттарға қол жеткізудің берік тұғырын орнатудың жарқын көрсеткіші. Қадірменді көпшілік! Сіздерді осы игі бастаманы жоғары деңгейде өткізуге ықыласпен атсалысуға шақырамын! Бірлік пен ынтымағы бар жерде – алынбайтын қамал, шықпайтын шың, аспайтын асу жоқ.Бірлік және елдік бола¬шаққа деген сенімді арттырып, күш-қуатымызды еселейтіні анық. Бізді алдымызда халық игілігі үшін бірлесе атқаратын үлкен міндеттер мен ауқымды істер күтіп тұр. Құрметті форумға қатысушылар! Шыр етіп дүние есігін ашқан, туған жердің бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекенде білім алып, түлеп ұшқан ауылды көркейту қасиетті іс. Бүгінгі форумның мән-мағынасы терең, маңызы зор. Сондықтан да, баршаңызды игі бастаманы қолдауға шақыра отырып, Форумды ашық деп жариялаймын! Сәттілік тілеймін!, -деді аудан әкімі өз сөзінде.
Ауданнан көптеген өнер майталмандары мен спорт саңлақтары шыққаны белгілі. Солардың бірқатарының ізгі ниеттерін бейнеролик арқылы көпшілікке көрсетілді.
Содан соң ән айтылып, жырдан шашу шашылды. «Жомарт Түлек» жобасы аясында демеушілік жасап, қолдау көрсеткені үшін бірқатар азаматтар марапатталды.