Мадияр Серікбаев: Кезінде әзіл деп жүріп ЛГБТ-ны насихаттаппыз
Аталған жиында «ЛГБТ өкілдерінен ұлтқа төніп тұрған қатер», «Оян, Қазақстан», «Феминита» секілді ұйымдардың ұлттық құндылықтарға қиянаты», «Дипломатиялық қатынастан асып түскен ЛГБТ насихаты», «Әйел құқығы мен жыныс таңдау құқығын шатастыру мәселесі» сынды бірқатар тақырып көтерілді.
Дөңгелек үстелде сөз алған актер Мадияр Серікбаев «сахна арқылы ұлтты, отбасы арқылы баланы тәрбиелеуге болады» деген сынды пікірлерін ортаға салды.