3,5 млн-ға жуық қазақстандық оқушы үшін соңғы қоңырау соғылады

0 230

 Оның ішінде мектептерден 150 мыңнан аса түлек түлеп ұшады. 9-сыныпты 270 мыңдай бала бітіреді.

Ал былтыр білім айдынына алғаш құлаш ұрған 350 бүлдіршін бүгін бірінші сыныпты тәмамдамақ. Салтанатты шара 9 және 11 сынып оқушылары үшін дәстүрлі түрде, ал қалған тәлімгерлер үшін онлайн өтеді.

Пандемия осымен екінші жыл қатарынан мектептердегі соңғы қоңырау рәсіміне өзгеріс енгізіп отыр. 2020-2021 оқу жылында 3 млн 400 мың бала мектепте білім алды. Оның ішінде қорытынды аттестаттауға баратын 264 800-ден астам 9 сынып түлегі, 154 400-ден астам 11 сынып түлегі бар. Білім және ғылым министрлігі биылғы соңғы қоңырау шараларын үш түрлі форматта өткізуге рұқсат беріп отыр. Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Майра Мелдебекованың айтуынша, дәстүрлі форматтағы соңғы қоңырау негізінен 9 және 11 сынып түлектері үшін ұйымдастырылмақ. Бірақ өзге сыныптарға жаппай шектеу қойылып отырған жоқ. «Ертең – еліміздегі мектептердің бәрі үшін соңғы қоңырау күні. Оны өткізу форматы бойынша Білім және ғылым министрлігінің тарапынан методикалық нұсқаулық жіберілді. Нақтырақ айтсақ, бірнеше формат ұсынылды. Біріншіден, аттестат алатын сыныптар үшін мектептегі соңғы қоңырау екенін ескере отырып, 9-11 сыныптарға дәстүрлі форматта өткізуді ұсындық.

Екінші формат бойынша әр сынып жеке өткізе алады. Жеке оқушыларды шақырып та, сынып сағаты ретінде де өткізуге болады. Үшіншіден, өздері үйренген онлайн формат бойынша өткізе алады», — дейді Майра Мелдебаева. Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты түлектерге аттестат тапсыру салтанаты әр мектептің ауласында өтуі тиіс. Яғни, бұрынғыдай орталық алаңдарда салтанатты шаралар ұйымдастыруға тыйым салынып отыр. Білім және ғылым министрлігі аттестат тапсыру салтанатының соңын думанды кешке ұластыруға да жол берілмейтінін ескертті.

NEGE.KZ

Leave A Reply

Your email address will not be published.