Бразилия президентіне масқа тақпағаны үшін айыппұл салынды
Әлем елдері оқушыларды коронавирусқа қарсы вакциналауға дайындалып жатыр. Бразилия президентіне масқа тақпағаны үшін айыппұл салынды.
АҚШ балаларды вакциналауды жоспарлап отыр. Американың Moderna концерні 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдануға рұқсат алу үшін Еуропалық одаққа құжаттарды тапсыруға ниетті. Қазіргі уақытта Еуропалық дәрі-дәрмектер агенттігі (EMA) немістің BioNTech компаниясы мен оның америкалық серіктесі Pfizer-дің вакцинаны 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге егуге рұқсат беру өтінішін қарастыруда. Пандемия алдында барлығы тең.
Бразилия президенті Джейр Болсонару Мараньян штатында өткен жаппай іс-шараға қатысып, онда маскасыз жүргені үшін айыппұл төлейді. Президентпен кездесуге 500-ге жуық адам қатысты. Бұл штатта қатысушылар саны 100 адамнан асатын кез келген жиналыстарға тыйым салынған. Жасөспірімдердің COVID-19 инфекциясын жұқтыруын тоқтату үшін Германияның Денсаулық сақтау министрлігі мектеп оқушыларын вакциналауға дайындалып жатыр.
Ведомство мектеп жасындағы балаларды егу үшін вакцина қорын құруға шақырды. Мақсат – тамыз айының соңына дейін, яғни жаңа оқу жылы басталар алдында оқушыларды иммундауды қамтамасыз ету. Пандемия басталғалы бері Германияда коронавирустың 3 648 958 жағдайы және 87 380 өлім тіркелді.