Тоқаев СҚО-ға қоныс аударушылардың шағымдарына назар аударды

0 337
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО-ға қоныс аударушыларға арнап салынған сапасыз тұрғын үйлерді тексеруді тапсырды,

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы «Казахстанская правда» газетінде 24 мамыр күні жарияланған «Заложники равнодушия» атты мақалада айтылған мәселеге назар аударды. Президент әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берілді. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша тиісті шара қолданылады», — деп жазды Берік Уәли.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының екі ауданында қоныс аударушылар үшін жарық пен жылу жоқ үйлер сатып алынғаны хабарланған.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.