Жүздеген құс вирустан өлген: Қытайда құс тұмауы өршіді

0 288

H5N8 құс тұмауы Қытайдың оңтүстік-батысындағы Тибет автономиялық ауданы Нагчу қаласында тіркелді. Бұл туралы Қытайдың Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігі мәлімдеді.

Нагчу қаласында және Тибеттің сулы-батпақты жерлеріндегі ұлттық қорықта жабайы құстарда жоғары патогенді ауру табылды. Мамандандырылған ведомствоның мәліметінше, 268 вирус жұқтырған құс өлді.

Жергілікті билік олардың табылған жерлерінде, соның ішінде барлық өлген құстарды жоюға қажетті шаралар қабылдады.

Құс тұмауы – жабайы құстар мен үй құстары үшін өте қауіпті, жұқпалы вирустық ауру. Бұл аурудың көптеген штамдары адамдар үшін қауіпсіз. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, H5N8 құс тұмауын жұқтыру қаупі төмен.

kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.