Қытай түрмесіндегі Ақжарқын Тұрлыбайға үкім шықты

0 662
«Қытайда есірткі ісімен жалалы боп, сотталып жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың бұған дейінгі шығарылған үкімі өзгеріссіз қалдырылды», – деп жазады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Сыртқы істер министрлігінің хбарлауынша, 27 желтоқсан күні Қытайдың Гуанчжоу қаласының соты есірткі контробандасымен айыпталып сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісін қайта қараған. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жөнінде шығарылған алдыңғы үкім сол қалпы қалдырылған.

Сот отырысына Ақжарқынның қорғаушысы мен Қазақстанның Қытай халық республикасындағы елшісі қатысқан. Шығарылған үкім 10 күннен кейін заңды күшіне енеді.

Естеріңізге сала кетсек, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында тұтқындалған еді. Оған өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімі кесілген. Кейінірек, бұл үкім кері қайтарылып, іс қайта қаралуға жіберілген болатын.

Осы іске қатысты Қазақстанның Бас прокуратурасы Қытай тарапына Ақжарқын өзіне кесілген жазаны өз отанында өтеуі жөнінде өтініш түсірілетіндігін мәлімдеді.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.