Ер адам отбасына коронавирус жұтырмас үшін 11 күн бойы ағаштың басында түнеген

0 406
18 жастағы үндістандық азамат коронавируспен ауырып, туыстарына жұқпас үшін өзін оқшаулап 11 күн бойы талдың басында отырған,

Үндістанның Телангана штатында тұратын Рамават Шива Найк есімді студент коронавирус жұқтырды, бірақ жұқтырған адамдардың көп түсуіне байланысты ол ауруханадан орын таба алмады. Оның отбасы кішкентай бір бөлмелі үйде тұрады. Сондықтан ол ағаш басына шығып, өзін оқшаулады. Бұл жалғыз ғана қауіпсіз орын болған. Студент бамбуктан кішігірім платформа жасап, ағаш басына орналастырған.Үстіне көрпе төсеп, сонда түнеді. Ата-анасы ұлына арқандағы шелектің көмегімен тамақ пен су берді. Жас жігіт дәретханаға түнгі уақытта шыққанын айтады. Шива талдың басында уақытының көп бөлігін телефонмен өткізді.

Бұл оқиға бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілгенде, жергілікті билік жігітке ауылының жанындағы жатақханадан орын берді. Ол карантиннің бірнеше күнін ыңғайлы жағдайда өткізеді.

Қиын жағдайдан шығудың жолын іздеген бұл ауылда Шива ғана емес. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өзін оқшаулау қажет басқа адамдар ванна бөлмелерінде уақытын өткізген немесе далада қалып, уақытша баспана салған.

Еске салайық, Үндістанда соңғы апталарда тәулігіне жүз мыңдаған адам коронавирус жұқтырған. Ел инфекция таралуының басты ошағына айналды. Халықаралық көмекке қарамастан, ауруханаларда төсек-орын және оттегі жетіспейді, ал мәйіттер көшеде

 өртеніп, өзендерге төгіліп жатыр.
Leave A Reply

Your email address will not be published.