Қызылордалық полицейлер 400-ге жуық қару иелерін тексерді

0 232

Қызылордалық полицейлер 400-ге жуық қару иелерін тексерді,  Заңсыз атыс қаруымен жасалатын және қару ұрлығы қылмыстарының алдын алу, болдырмау мақсатында облыс көлемінде “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасының бір күнінде 375 қару иелері тексеріліп, 21 құқық бұзушылықтар анықталды. Әкімшілік кодексінің 482-бабына сәйкес заңсыз айналымнан үш қару тәркіленді.

Кодекстің 484-бабына сәйкес (Қаруды сақтау ережесін бұзу) 16 азаматқа, 486-бабына сәйкес (Қару тасымалдау, тіркеу ережелерін бұзу) бес азаматқа әкімшілік шара көрілді. Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін 21 қару иелері емтихан тапсыруға жолданды.
polisia.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.