«Күйеуімнен құтылдым»: Астаналық әйел Сара Амангелдімен көңіл қосқан бұрынғы жұбайы туралы айтты

0 422

«Кешью» тобының бұрынғы әншісі әрі актриса Сара Амангелдінің сүйіктісімен түскен суреті желіде қызу талқыға алынды. Әсіресе, Сараның таңдауы түскен азаматтың бұрынғы жары Құралай Бияхмет бұл туралы әлеуметтік желіде бөлісіп, оларға бақыт тілеген болатын. Кейін аталған жазбаны әнші өз парақшасынан алып тастады.

«Бұрынғы күйеуімді үшінші рет үйленуімен құттықтаймын. Аллаға шүкір, одан құтылдым. Енді менің балаларымды тағы да ұрлап кетеді деп қорқып отырмаймын», — деп жазды Құралай. Құралайдың бұрынғы күйеуі әнші әрі актриса Сара Амангелдімен байланысты екені белгілі болды.

Бұл жағдай туралы танымал әнші желіде қандай да бір ақпарат берген жоқ. Құралай Бияхметтің желідегі жазбасы: скриншот Instagram Айта кетелік, Құралай Бияхметтің оқиғасы биылғы жылдың қаңтарында елді шулатқан болатын. Ол бұрынғы күйеуінен қызын қайтара алмай жүргенін айтып, көпшіліктен көмек сұрады.

Құралай күйеуімен заңды түрде ажырасқанын, алайда, төрттен асқан қызын бір жарым жыл бойы өзіне бермей отырғанын айтып, әлеуметтік желіде үндеу жариялады. Сот заңды түрде балаларды анасымен қалдырса да, бұрынғы күйеуі Берік пен оның ата-анасы кішкентай қызды қайтармай, полиция мен құқық қорғаушыларға да бағынбаған еді.

Ел арасында дау тудырған оқиға ақыры оң шешімін тауып, ұзаққа созылған тартыстан соң Құралай қызын өзіне қайтарып алды. Бүгінде Құралай әлеуметтік желіні белсенді түрде жүргізіп отырады. Ол бұрынғы күйеуінің алимент төлеуден жалтарып, жалақы мөлшерін төменгі деңгейде көрсетіп қойғанын да мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі өзінің бірінші некесіндегі қызы үшін де алимент төлеуден бас тартқан. Құралай намаз оқитын дін жолындағы адамдардың мұндай қадамға барғаны үшін шошынатынын айтты. Бір қызығы, Құралайдың қызын бермей, полицейлер мен басқа да заң өкілдеріне жұдырық ала жүгірген бұрынғы қайын атасы ақыры жауапқа тартылмаған.

«Бұрынғы қайын атам Мәулетқазы Мәжкеновке үш бап бойынша айып тағылған. Бірақ жазаланған жоқ. Ол полицейлерге, сот орындаушыларына бұрышталған баллон шашып, қарсылық көрсеткен болатын. Полицейлер тексеріп жатырмыз, қарияның денсаулығы жоқ деумен шектелді. Содан бері бес ай өтсе де, хабар жоқ. Шамасы, бәрін ақшамен шешкен шығар», — дейді Құралай.

nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.