Үйде асырап отырған 3,5 метрлік алып жылан қашып кеткен (видео)

0 478

Жапонияның Йокохама қаласында үйінде бауырымен жорғалаушыларды асырайтын тұрғынның 3,5 метр болатын алып жыланы үйден қашып кетіп, бүкіл Токионы әбігерге салды,

Полицияның хабарлауынша, 20 жастағы иесі бейсенбіге қараған түні жұмыстан үйге келгенде жыланының жоғалып кеткенін байқаған.

6 мамыр күні көпқабатты үйден қашып кеткен жыланды жүздеген адам іздеп жатыр. Арнайы топ сол маңдағы орманды, үйлердің арасын, бау-бақшаны, өзен-суларды сүзіп шыққан. Ашыққан жылан адамға шабуыл жасауы да мүмкін.

Ақпарат көздерінің мәліметтері бойынша тұрғын үйіне бір алып қолтырауын, 9 үлкен жылан және тасбақа ұстап, бағып отырған. Ер адам жыландарды бағуға төрт жыл бұрын рұқсат алған, ол улы емес, бірақ адамды буындырып өлтіруі мүмкін.

Алып жыланның қайдан қашып кеткені белгісіз.

Ер адам полицияға жыланның шыны ыдысы бос екенін айтты. Ол сонымен қатар бөлмені желдету үшін терезені ашық қалдырғанын айтты.

Токио тұрғынынң үйде асырап отырған жыланы
Жыланды іздеу туралы хабарландыру

Leave A Reply

Your email address will not be published.