Өзбекстан азаматы шекарадан есірткі алып өтпек болды

0 260

Түркістан облысының полицейлері Клементина қызметтік итінің көмегімен шекарадан есірткі алып өтпек болған ер азаматты ұстады, Сарыағаш АПБ-не ҚР ҰҚК Шекара қызметі Сарыағаш аудандық басқармасының Жібек жолы шекара бақылау бекетінен хабарлама келіп түскен.

Онда таңғы сағат 05:30 шамасында “Клементина” атты қызметік ит ҚР-нан Өзбекстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жүргіншіге үріп белгі берген. Содан полицейлер күдік тудырған азаматты байқап тексереді.

Тексеру барысында оның қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылды. Айғақ ретінде алынған затқа полицейлер сараптама тағайындады. Нәтижесінде 5 гр-ға жуық марихуана екендігі белгілі болды.Осы оқиға бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Қазіргі таңда күдікті ретінде танылған Өзбекстан Республикасының азаматы қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткіні заңсыз тасымалдағанға қатаң жаза көзделгенін ескертеді. Тәртіп сақшылары шекарадан өтпек болған тұрғындарға есірткіге байланысты құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақырады. Егер де сіз есірткі құралдарын сақтау және заңсыз айналымы туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

polisia.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.