Көкшетауда 53 жастағы азамат көршісін оқтаумен ұрып, өлтіріп тастаған

0 317
Көкшетауда 53 жастағы азамат шай ішуге келген құрбысын ұрып өлтірді деген күдікті ұсталды,

Көршісін ұрып тастап, жазадан жалтару үшін марқұмның мүрдесін жатын бөлмеден тауып алдым деп полицияға өзі хабар беріпті.

«Санағам жоқ, айттым ғой, үш рет бетінен ұрдым, тіземмен 4-5 рет. Тіземмен бет тұсынан, кеудесінен тептім. Құлап қалды», — дейді күдікті.

Әу баста полицияға хабар берген бұл азамат көршісі кешқұрым дене жарақатымен келгенін айтқан. Ұйықтап тұрып, жатын бөлмеден өліп қалғанын көрдім деп өзіне шаң жуытпаған. Үйді тіртіген полиция қанға боялған ағаш оқтау тауып алды. Ал үстел үстіндегі бос шөлмекке қарап, екеуі бірге ішімдік ішкен деген болжам айтылуда.

Тәртіп сақшылары марқұмның денесінде сау тамтығы қалмағанын айтады. Оны күдікті әбден тепкілеп, оқтаумен өлімші етіп сабап тастағанын мойындады.

«Тергеу кезінде полиция шақырған азаматтың өзі күдікке ілікті. Ол өзара жанжал туып, көршісін ұрып өлтірген соң барып ұйықтап қалған. Кінәсін толық мойындады. Қазір «адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша қамау абақтысына жабылды», — дейді Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Қасым.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.