Шымкентте ит өзінің иесін жеген
Шымкенттік үйлердің бірінде қорқынышты оқиға орын алды
5 мамыр күні сағат 12:50-де Шымкенттің полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан қаладағы үйлердің бірінің ауласынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам қайтыс болғаннан бірнеше күн өткен соң, аш ит иесінің мәйітін жей бастаған.
«Сотқа дейінгі тергеу аясында ер адамның қайтыс болу себебін анықтауға бағытталған бірқатар сараптама тағайындалды. Тексеру нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деді Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.