Қазан мектебіндегі қантөгіс: құрбандармен қоштасу рәсімі өтті
Қазанда №175 гимназияда болған атыста қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтіп жатыр
11 мамырда қайтыс болған екі мұғалім мен жеті жасөспірімді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр. Ұлдардың бірі Қазандағы мұсылман зиратына жерленді, рәсімге тек туыстары қатысты. Тағы бір жасөспірім туған жерінде, Малые Клыки ауылында жерленді. Екі мұғалім Константиновка және Самосырово ауылдарында жер қойнына тапсырылды.
©REUTERS
Татарстан президенті Рустам Минниханов билік өлгендерді жерлеуді қаржыландыруды және ұйымдастыруды өз мойнына алуға уәде берді.
©REUTERS
Сондай-ақ, қоштасу рәсіміне мамандандырылған психиатрлар мен дәрігерлер қатысады деп хабарланды.
©REUTERS
Негізгі атыс болған 8 «А» сынып оқушыларымен психологтар жұмыс істеп жатыр.
©REUTERS
Бұл күн республикада ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Еске салайық, 11 мамырда Қазандағы № 175 мектепте атыс болды. Оны өзін «құдай» деп атаған 19 жастағы Ильназ Галявиев шығарған. Атыс салдарынан тоғыз адам қаза тапты, оның ішінде, жеті оқушы мен екі мұғалім. Атыс шығарған жігіт ұсталды.
Мұғалімі мен көршісі «қазандық атқыштың» қандай адам болғанын айтты