Алматыда жеткізу қызметінің курьерлері ереуілге шықты

0 327

Алматыда азық-түлік жеткізу қызметінде жұмыс істейтін 50-ге жуық курьер ереуілге шықты

Наразылық акциясын Wolt жеткізу қызметінің қызметкерлері ұйымдастырды. Олар компанияның кеңсесіне барып, жақында қабылданған өзгерістерге наразылық білдірді. Курьерлердің айтуынша, жазғы кезең басталар алдында басшылық жеткізушілердің санын көбейтіп, қызмет көрсететін жұмысшылардың жалақысын қысқартқан.

«Бірнеше күн бұрын компания қосымша курьерлерді жалдайтынын, сондықтан біздің жалақымызды 30-50 пайызға күрт төмендететінін айтты. Бізге алдын-ала ескертілмеді», — дейді жиналғандар.

Кейінірек Wolt өкілдері бұл өзгерістер жақын және алыс қашықтықтағы тапсырыстар арасындағы кедергіні жою үшін қажет екенін хабарлады. Нәтижесінде кез келген көлік түріндегі курьерлер үшін тапсырыстар теңесетіні атап өтілді.

«Төлемдегі өзгеріс 12 пайыздан аспайды. Алайда тапсырыстарды бөлу жүйесін оңтайландырудың, сондай-ақ жаңа курьерлік серіктестерді жалдаудың арқасында соңғы үш аптада және жазда жұмыс кезінде үзіліс байқалмайды. Біздің есептеуімізше, Wolt курьерлері бұрынғыша сағатына 1400-2000 теңге таба береді. Біздің барлық курьер фрилансер, олар ЖК немесе АҚС шарты бойынша жұмыс істейді. Сондықтан біз серіктес ретінде айына екі рет еңбекақы төлеу, міндетті әлеуметтік және зейнетақы аударымдары сияқты міндеттеріміздің орындалуын қатаң қадағалаймыз.

Курьерлермен алдын-ала келіссөздерге және олардың өзгеріске дайындығына қарамастан, өз тарапымыздан қарым-қатынасты жақсарту керек екенін түсінеміз. Қазіргі уақытта біз барлық серіктес курьермен диалогты жалғастырамыз. Курьерлеріміздің пікірі мен сұраулары тыңдалып, назарға алынды. 14 мамырда бұл мәселелерді талқылап, бірлесіп шешім қабылдау үшін екіжақты пікірталас ұйымдастырылады», — деп хабарлады Wolt компаниясының баспасөз қызметіндегілер.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.