Таразда адам қағып, оқиға орнынан қашатындар көбейді
Жолдағы жағдай көрсеткендей, жақында танымал және қауіпті хобби пайда болды – скутермен, электросамокаттармен және мопедтермен жүру, олардың саны жыл сайын артып келеді, ал карантиндік шектеулер басталғалы бұл қозғалыс құралдары көп пайдаланылуда.
Алайда, жол қозғалысының барлық қатысушылары өздерінің қауіпсіздігі туралы ойламайды және шлем, тізе жастықшалары, шынтаққаптарды қолдануды, сондай-ақ жүру кезінде басқа да қауіпсіздік шараларын қолдануды елемейді.
Мәселен, 2021 жылғы 2 мамырда полицияға облыс орталығының тұрғыны Лермонтов пен Қыпшақбаев көшелерінің қиылысында белгісіз жүргізуші электр самокатында жүріп бара жатқанда оны қағып кеткенін айтты. Жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіріліп, көлік құралы зақымданды. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша көлік иесі тиісті көмек көрсетпей, оқиға болған жерден қашып кеткен.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері «DAEWOO NEXIA»маркалы автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісін анықтап, ұстады.
Ұсталған күдікті жасаған әрекетін мойындап, жәбірленушіден шын жүректен кешірім сұрады.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Ұсталған адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі (көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан бұзуы) және ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабы 2-бөлігі (жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерін орындамауы) бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» Заңында электр қозғалтқышымен жарақтандырылған және ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына 50 километрден аспайтын көлік құралы мопедтерге теңестіріледі деп регламенттелген. Оларды тек 16 жастан бастап пайдалануға болады. Сондай-ақ, велосипедшілер, электросамокат иелері жолаушыларды және 50 сантиметрден асатын жүктерді тасымалдай алмайды.
Сондай-ақ рульді бір қолмен ұстап жүргізуге тыйым салынады.
Жаяу жүргіншілер өткелінен өтетін жолды кесіп өтіп, велосипед сияқты, көлік құралын жақын ұстап, жолды жаяу жүріп өту керек. Жүріс бөлігінде электр самокаттарының иелері шеткі оң жолақпен бір қатарға немесе егер бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмесе, жол жиегімен жүруге міндетті. Оларға солға бұрылуға және осы бағытта біреуден көп қозғалыс жолағы бар жолдарда бұрылуға тыйым салынады, міндетті түрде жол қозғалысы ережелерін және басқа да қозғалыс ережелерін біліп, қатаң сақтау қажет.
Жыл басынан бері Жамбыл облысында мотокөлік құралдарының қатысуымен 2 ЖКО орын алды, онда 2 адам түрлі дене жарақатын алды, қаза тапқандар жоқ.
Жамбыл облысының Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелері мен сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.