Тізгінге ие бола алмай қалған. Ақтөбе облысында 15 жастағы оқушы апаттан қаза тапты
Ақтөбе облысының Шалқар ауданында кәмелетке толмаған бала жол апатына түсіп, қаза тапты, — деп хабарлайды «Диапазон».
15 жастағы оқушы «Иж Планета-5» мотоциклінің тізгініне ие бола алмай, аударылған. Оқиға 10 мамырда болған.