Жаңа қаулы: Әуежай мен теміржол вокзалына кіру тәртібі өзгерді

0 275

ҚР Көліктегі бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.

COVID-19 індетіне байланысты «қызыл» аймаққа жатқызылған өңірлерде «Ashyq» жобасына қатыспайтын әуежайларға күтіп алушылар мен шығарып салушылардың кіруі шектелетін болды. Көліктегі бас санитар дәрігердің жаңа қаулысында осындай норма қарастырылған. «Тәуекелі жоғары («қызыл» аймақ) өңірлерде, «Ashyq» жобасына қатысатын әуежайларды қоспағанда, күтіп алушылар және шығарып салушыларды әуежайлар ғимараттарына кіргізуді шектеу қамтамасыз етілсін», — деп жазылған құжатта.

Теміржол вокзалдарына да дәл осындай талап қойылып отыр. «Қызыл» аймақтағы өңірде «Ashyq» жобасына қатыспайтын вокзалдардың барлығында күтіп алушылар мен шығарып салушылардың ғимаратқа кіруіне тыйым салынды. Қаулы қол қойылған сәтінен — 11 мамыр, сағат 20.15-тен бастап күшіне енеді. Еске салайық, әуежай ғимараттарына жолаушылар «Ashyq» қосымшасы арқылы кіргізілетінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.