Мұғалімі мен көршісі «қазандық атқыштың» қандай адам болғанын айтты

0 289

Қазандағы № 175 мектепте атыс шығарған 19 жастағы Ильназ Галявиевтің сынып жетекшісі РЕН ТВ телеарнасына оның қандай оқушы болғанын айтып берді

«Мен қатты таңғалдым. Ол сабырлы, жақсы бала еді. Бәрі жақсы болатын. Төрт пен үшке оқитын. Жақсы бала болған, тоғызыншы сыныптан кейін техникумға түсті, бағдарламашы мамандағы бойынша түсті-ау… Шулы ортада көп жүрмейтін. Тыныш жігіт еді», — дейді мұғалімі. 

Ал Галявиевтің көршісі атыс шығарған жігіт «есуастау» болғанын айтады. Ер адамның сөзінше, Галявиев түнде шу шығаратын, адамдардың мазасын қашырып та алатын, ол үшін әкесі келіп кешірім сұраған кездер де болған екен.

«Әкесіне бірде келіп, қоңырауды басып едім, ох, …, «мен мас болғанмын, ұйықтауға мұрша бермейсің, мен мас болдым» дейтін, болды», — дейді ер адам.

Қазан мектебіндегі атыс: жантүршігерлік кадрлар жарияланды

Ер адамның айтуынша, Галявиевтер отбасы ұзақ уақыт сол үйде тұрған, сосын жаңа пәтерге көшіп кеткен. Пәтер әлі де соларға тиесілі. Күдікті ата-анасымен сол пәтерде тұрған, бірақ бұрынғы үйлеріне де жиі келіп тұратын көрінеді.

Татарстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ирина Волынецтің сөзінше, «қылмыскер жақсы отбасыдан шыққан». Омбудсмен «Соловьев Live» Youtube-арнасында Галиявиевтің ата-анасы оның жоғары оқу орнындағы оқуын және пәтерінің ақысын төлеп беруге шамасы жеткенін айтады.

Волынецтің айтуынша, қаржы жағынан отбасының жағдайы жақсы, ал жеке қарым-қатынасқа келгенде жағдай мәз болмаған. Галявиев ұзақ уақыттан бері ата-анасымен жиі жанжалдасып жүргендіктен бөлек пәтерге шығып кеткен.

Еске салайық, 11 мамырда Қазандағы № 175 мектепте атыс болған еді. Оны өзін «құдай» деп атаған 19 жастағы Ильназ Галявиев шығарған. Атыс салдарынан тоғыз адам қаза тапты, оның ішінде, жеті оқушы мен екі мұғалім. Атыс шығарған жігіт ұсталды.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.