Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Серік Құсайынов Алматының Алмалы ауданының әкімі болған.
Алматыда Алмалы ауданының әкімі ауысты
Құсайынов Серік Досымханұлы 1964 жылғы 8 мамырда Алматы облысының Шамалған станциясында дүниеге келген.
Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «инженер-электрик» мамандығы бойынша, Ресей Федерациясының Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Академиясын бітірген. Мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі.
Әр жылдары Алматы коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында шебер, бас инженер, басқарушы директор, қаланың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы әкімі аппаратының басшысы, Алмалы ауданының әкімі болып жұмыс істеген.