Шымкентте 96 жастағы ардагердің жүрегіне ота жасалды
Шымкенттегі кардиоорталық хирургтері 96 жастағы науқастың жүрегіне күрделі ота жасады
Операциядан кейін денсаулығы жақсарған қарияға қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов келіп, оны мерекесімен құттықтаған.
Қарияны 7 мамырда жедел жәрдем қызметі қалалық жүрек орталығының қабылдау бөліміне жеткізген. 1925 жылы туған науқастың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер шұғыл түрде электрокардиостимуляторды имплантациялау операциясын жасаған. Қазіргі уақытта ардагердің жағдайы тұрақты, орталықта емделуді жалғастырып жатыр.