Хаббл телескопы жаңа планетаның пайда болуын таспаға түсірді

0 303

NASA-ның «Хаббл» телескопы астрономдарға экзопланетаның қалыптасу процесін көруге мүмкіндік берді

Оның объективіне қазіргі уақытта газ бен ғарыштық шаң бұлты болып табылатын PDS 70B объекті кірген. Олар бір «допқа» жиналып, кейіннен планетаға айналады.

Ғалымдардың пікірінше, PDS 70B мөлшерін Юпитердің өлшемімен салыстыруға болады. Астрономдар бұл алыс планетаның қалыптасу процесі шамамен 5 миллион жыл бұрын басталғанына сенімді.

«Алып планеталардың қалай өсетінін нақты білмейміз. Біліміміз өте аз. Сондықтан PDS 70B – бұл процесті зерттеудің жақсы мүмкіндігі»,— деді Остиндегі Техас университетінің қызметкері Брендан Боулер.

adyrna.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.