COVID-19: Испаниялықтар еркінсіп кетті
Испанияның барлық провинциясында коменданттық сағат алынған соң, жүздеген адам ел астанасы Мадридтің орталық алаңына қыдыруға шықты.
Тұрғындар көңіл көтеріп, билеп жүр. Тіпті олар бетперде тақпай, әлеуметтік арақашықтықты сақтамай, еркінсіп кетті. Коменданттық сағат алынғанымен, шектеу талаптарын әлі де қатаң ұстану қажет. Шарапханалар мен мейрамханалар түнге 12-ге, ал түнгі клубтар түнгі 2-ге дейін жұмыс істейді. Мадрид коронавирус жұқтыру деңгейі бойынша Испанияда екінші орында.
Лола Мартинэс, Франция тұрғыны:
– Біз бірнеше күннен бері осындамыз. Испанияға үлкен үмітпен келдім. Далаға шығып, адамдармен кездессем бе деп едім. Бірақ коменданттық сағаттың кесірінен бұл ойымды жүзеге асыра алмай келдім. Енді қуанып жатырмын.