Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында атыс болды

0 353

Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында болған атыс салдарынан кем дегенде үш адам қайтыс болды.

Бұл туралы сенбі күні NBC телекомпаниясы полицияға сілтеме жасап мәлімдеді

Бұдан бұрын «екі адам зардап шекті» деп хабарланды. Құқық қорғаушылардың соңғы деректеріне сай, зардап шеккендер қатарында екі әйел және бір бала бар. Олар ауруханаға жеткізілді, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Күдікті ер адам жасырынып үлгерді. Полиция оқиғаны зерттеуде.

Алдын ала деректер бойынша, атысқа бірнеше ер адам арасындағы ұрыс себеп болған. Олардың біреуі қаруланған болып шықты. NBC құқық қорғаушылардың қолында күдіктінің суреті бар екенін айтады. Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио Twitter-де қалаға «заңсыз қарулардың әкелінуін тоқтату керек» деді. Оның айтуынша, зардап шеккендердің жағдайы қалыпты.

«Полиция мұндай мәнсіз зорлыққа барған адамды іздестіруде, әділдік орнайды», – деді мэр.

kznews.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.