«Екпе салдырмасаң, керек құжатыңды бермейміз» – еріксіз вакцина алғандар шағымданды
Себебі «вакцинаны күштеп салдырып жатыр» деп AstanaTV-ға хабарласқан көрермен көп.
Телеарнаның хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрлігінің «вакцина салдыру ерікті» деген сөзі құжат күйінде ме?
Түркістан облысында дәрігерлер тұрғындарға «екпе салдырмасаң, тиісті құжатыңды бермейміз» деп талап қойған.
Түркістан облысының тұрғыны Лаура: «Қызым екі күндей тұмау болып, ауырып жатып қалған үйде, сабақтан қалды. Сосын апайы анықтама әкел деген соң әкесі ауруханаға барды. Анықтама сұраған, мектеп сұратып жатыр қызымның сабақтан қалғанына деп. Сен вакцина алмасаң саған анықтама бермейміз деген. Негізі салдырғысы келмеген еді», – дейді.
Ал министрліктегілер «екпе тек ерікті түрде салынады» деуден жаңылған жоқ. Мұндай факт анықталса, емхана қызметкеріне тиісті жаза қолданамыз дейді.
Бұған дейін Үкімет отырысында вакцина салдырғандардың нақты есебін айта алмаған Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «Адамдардың басын қатырмайық» деп вакцина алғандарды санауды үйреткенін жазған болатынбыз.