Ажырасып кеткен Ақбота Сейітмағамбет жаңа сүйіктісі туралы сұраққа жауап берді
Актер Дәурен Айдарқұловпен ажырасып кеткен Ақбота Сейітмағамбеттің жеке өмірі бүгінде ел арасында қызу талқыланып жатыр. Көпшілік әншінің кездесіп жүрген адамының бар-жоғын біле алмай әлек болуда.
Өнер иесі көп созбай, халықтың көкейінде жүрген сұраққа өзі жауап беруді шешкен . Актрисаның жанкүйерлері Instagram желісінде оған бүгінгі жеке өмірі жайлы сұрақтарды жаудырды.
Олар әртістің сүйіктісі пайда болғаны рас па екенін білмек болды. Ақбота Сейітмағамбет ел қызығушылығын тудырған сауалдарға жқмбақтап жауап берген. «Бақыт тыныштықты сүйеді» , — деп жазды ол. Ақбота Сейтмағамбет бұл жауабымен қарым-қатынасы туралы мән-жайды ақтарып айтқысы келмейтінін білдірді.
Айта кетейік, шоу-бизнес жұлдызының өмірі бүгінде қызып жатыр. Ол түрлі кинолардың түсірілімдеріне және қызықты жобаларға қатысуда.