«Убери нах…»: Алматыда полиция бастығы шулы видеодан кейін қызметінен қуылды

0 407

Ақсу аудандық полиция бөлімінің бастығы өзіне қатысты әлеуметтік желілерде жарияланған  видеодан кейін қызметінен кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

«Бұл қызметкер персоналмен жұмыс істеу кезінде өрескел қателік жібергенін мойындады және қызметінен босату туралы рапорт берді. Дегенмен, бұл фактіге қатысты менің тапсырмам бойынша Алматы облысы ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізіп жатыр, оның қорытындысы бойынша болған жағдайға объективті баға берілед»і, – деді Алматы облысы ПД бастығы, полиция генерал-майоры Серік Күдебаев.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде «Ақсу аудандық полиция бастығының міндетін атқарушы өзін қалай-қалай ұстайды» деген тақырыпта видео пайда болған еді.

alashainasy.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.