«НеМолчи» қоры жетекшісінің жиені топтық зорлауға қатысты деген күдікке ілінді
«НеМолчи» қорының басшысы Дина Смаилова жиені топтық зорлауға қатысты деген күдікке ілінді. Белсенді ақпаратқа түсініктеме берді
Алматы полициясының мәліметінше, азамат А. бір топ ер адаммен 2 әйелге дене күшін қолданып, еркінен тыс зорлаған және жыныстық сипаттағы әрекеттерді жасаған деген күдікке ілінді.
Күдікті «НеМолчи» қорының басшысы Дина Смаилованы жиені болып шықты. Белсенді жағдайға түсініктеме берді.
«Топтық зорлау ісі бойынша күдікті ретінде өтіп жатқан жиенімнің өтініші бойынша мен осы жағдайға қатысты өз көзқарасымды білдіргім келеді. Мен мұны бір рет жасаймын, бұдан былай бұл тақырып туралы қозғамауларыңызды сұраймын. Менің ойымша, адекватты адамдар түсінеді, қалғандарына айтудың пайдасы жоқ.
Зорлық-зомбылық, соның ішінде зорлау құрбандарын қорғайтын ұйымның президенті ретінде заң алдында бәрі бірдей деп санаймын! Менің ойымша, бұл жағдайға қандай да бір түсініктеме беру үшін моральдық және этикалық құқығым жоқ, тіпті тергеу барысына араласуға, зерттеуге және хабарлауға құқығым жоқ. Сот шешсін!»- деп жазды ол Facebook-те.
Дина Смаилова бұл іске араласпайтынын ашық мәлімдеді.
«Біріншіден, #НеМолчиKZ қоры жәбірленушінің өтініші бойынша жұмыс істейді, жәбірленушіден біздің қорға өтініш түскен жоқ. Екіншіден, бұл менің туысқаныма қатысты, сондықтан мен бұл іспен айналыса алмаймын.
Үшіншіден, сот пен тергеу бар, Алматы қаласының полициясы Рустам Әбдірахманов тергеуді қамтамасыз етеді және екі тараптың құқықтарының бұзылуына жол бермейді деп үміттенемін», — деп толықтырды Смаилова.