Алматыда 49 жастағы әйел оныншы қабаттан секіріп, мерт болды

0 482

Алматыда 49 жастағы әйел 10-қабаттың терезесінен секіріп, қаза тапты деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кеткен. «Төле би көшесінің бойында, Сайран көлінің жанында.

Бір қыз терезеден секіріп кетті. Оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп жатыр», — деп жазды видео авторы. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, әйел 10-шы қабатта орналасқан пәтердің терезесінен секіріп кеткен.

Қайғылы жағдай 3 мамыр күні Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. «1972 жылы туған әйел психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады полициядан.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы «Бұқар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінде оқ жаудырған ер адам терезеден секіріп кеткенін жазған едік. Одан бөлек, Петропавлда қонақ үй өртеніп, түтінге тұншыққандар терезеден секіргенін жазған болатынбыз. Тілсіз жау қонақүйді шарпығанда ғимарат терезесінен секіргендердің бірі талып құлаған екен. Ол есін жиғаннан кейін дәрігерлердің көмегіне жүгінбестен оқиға орнынан кетіп қалған. Ал құтқарушылар өрт шыққан подъезден 30-дан аса тұрғынды қауіпсіз жерге шығарды.

nur.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.