Қарағандыда 17 жастағы қыз бірнеше көлікті бүлдірді

0 375

Қарағандыда 17 жастағы қыз бірнеше көліктің үстіне шығып, майыстырып тастаған. Бұл туралы Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері айтты

Жасөспірімнің әрекеті видеоға түсірілген. Кейін кадрлар әлеуметтік желілерде таралды. Видеода жаяу жүргіншілер жолында жүгіріп жүрген жасөспірімдердің бірі көліктің үстіне шыққаны көрінеді. Көлік дабылы іске қосылғанда қыз көліктен түсіп, басқа жасөспірімдермен қашуға тырысады. Көліктің бірнеше жері майысып қалған.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында Қарағанды Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері 17 жастағы қызды ұстады. Сондай-ақ, полицейлер сол күні күдіктінің тағы екі көлікке бүлдіргенін анықтады. ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», — деді полиция өкілі.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.