«Денсаулығым сыр берді». Асхат Садырбай басшылық қызметтен не себепті кеткенін айтты

0 290

Асхат Садырбай ашылғанына бір ай ғана болған халықаралық «Turkistan» телеарнасының Бас продюсері қызметінен кетті. Ол мұндай шешімге келуге не себеп болғанын айтып, алыпқашпа әңгімелерге нүкте қойды,

Асхат Садырбай бұл туралы Instagram парақшасында жазба қалдырды. Ол «Turkistan Media Holding» компаниясында екі айға жуық қызмет еткен.

«Түркістандағы ұжыммен қимай қоштастық. 2 айға жуық уақыт аз көрінгенімен, біз бір-бірімізге бауыр басып үлгергендейміз. Арнаның ашылуы алдында жұмыс өте қарбалас болды. Жұмыс уақытынан тыс әріптестермен жақын сырласып үлгермедік те. Амандық болса алдағы уақытта кездесе жатармыз. Өз ісіне тиянақты, жұмысын жан-тәнімен сүйіп істейтін, жүктелген тапсырмаға шынайы жауапкершілікпен қарайтын мамандарды ерекше бағалаймын, құрметтеймін. Көп рахмет! Алдағы уақытта сіздердің телевизия саласында елеулі еңбек етіп, отандық тележурналистиканың дамуына өлшеусіз үлес қосатындарыңызға сенемін.

Телеарнадан кетуіме қатысты әртүрлі алып-қашпа әңгімелер мен болжамдарға, негізсіз, дәйексіз сөздерге нүкте қою үшін айта кетейін, 22-наурыздан кейін денсаулығым сыр беріп жұмысқа шыға алмадым. 12-сәуірден бастап медиахолдингпен келісімшарт тоқтады, – деп жазды Асхат Садырбай.

Сонымен қатар ол телеарнаның жұмысына сәттілік тіледі.
turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.