Актер Ақтау жігіттерінен таяқ жегенін айтып, жұртты алдады
Блогер әрі актер әлеуметтік желіде видео жариялады, онда ол Ақтауда теңіз жағасында жігіттер ұрып кеткенін айтады. Бұл жалған оқиға болып шықты
«Жігіттер, жаңа ғана төбелестім… Ақтаулық жігіттер келіп, қазақша менің сырғам туралы сұрай бастады. Мен оларға ештеңе айтпадым, артық ешнәрсе істемедім. Олар менің орысша сөйлегеніме, сырға тағып, сәнденгеніме ашуланды», — дейді блогер видеода.
Кейін бұл оқиға жалған екенін мойындады. Оның айтуынша, бұл оның алдағы шығармашылық жобаларының біріне дайындық екен.
«Бәрі жақсы, бұл жәй ғана образ, бұл менің жаңа жобам үшін еді, оны жақын арада көресіздер. Ақтаулық жігіттерге келетін болсақ: олар — ең қонақжай адамдардың бірі, оларға рақмет. Мен бұл қалаға алғыс айтамын, Ақтау қаласының барлық тұрғынына, сіздерге алғыс айтамын», — деді ол фолловерлеріне.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді, блогердің кейбір фолловері оның зардап шекпегеніне қуанса, басқалары Ақтау қаласының тұрғындарына деген стереотип көзқарасқа ашуланған.
«Мен асыра сілтеп отырған шығармын, бірақ менің ойымша, бұл роликті көргеннен кейін көптеген шетелдік турист Маңғыстау облысына барудан бас тартып, демалатын, туристер үшін қауіпсіз басқа жерді таңдайды», — деп жазды қолданушылардың бірі.