Оралда 6 жасар қыз токқа түсіп қайтыс болды
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға бүгін, қалаға қарасты Деркөл кентінде болды. «Шамамен сағат 16.49-да кезекші бөлімге қоңырау шалынған. 2016 жылғы қыз баланы ток үйдің жанындағы газ құбырын ұстаған кезде соққан. Жүрегінің ақауы бар бала оқиға орнында көз жұмды. Ол құбырға электр тогының қалай келіп тұрғаны белгісіз. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», деп хабарлады ведомстводан.