Тоқаев жаңа Мәдениет және ақпарат министріне бірқатар міндет жүктеді

0 148

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесуде Мәдениет және ақпарат министрлігі қызметінің басым бағыттары айқындалып, ведомство алдына бірқатар нақты міндет қойылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Жиын барысында Мемлекет басшысы мәдениет пен креативті индустрияны одан әрі дамытуды, тарихи-мәдени мұраны сақтап, кеңінен насихаттау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ отандық мәдениетті халықаралық аренада дәріптеудің маңызына ерекше тоқталды.

Сонымен қатар мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері қарастырылды. Президент отандық ақпарат кеңістігін жандандыруға, соның ішінде заң жобалау жұмысын заманауи цифрлық тәуекелдерді ескере отырып жетілдіруге күш салу қажеттігін атап өтті. Бұдан бөлек, қоғамдық келісімді нығайту және жастардың жасампаз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау бойынша міндеттер жүктелді.

Еске сала кетейік, Арман Қырықбаев жақында Президент жарлығымен Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалған еді. Оған дейін ол Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметін атқарды.

Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.

Qaz365.kz.

фото: Ақорда

Leave A Reply

Your email address will not be published.