«Таза Қазақстан» – ортақ міндет!

0 81
Қаратау қаласы мен ауылдық округтерде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында тазалық жұмыстары жүргізіліп, белгіленген аумақтар қоқыстан тазартылып, айнала ретке келтірілді. Сонымен қатар көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді.
Тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға және қаланың көркеюіне өз үлестерін қосты.
«Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыру.
Таза әрі көрікті қала – ортақ жауапкершіліктің нәтижесі!
Leave A Reply

Your email address will not be published.