Атамбаевқа ауыр диагноз қойылды

0 348

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа ауыр диагнозы қойылды. Бұл туралы саясаткердің адвокаты Замир Жоошев мәлімдеді

Адвокаттың айтуынша, 1 сәуірде тексеру кезінде Атамбаевқа жүректің коронарлық ауруы, ФК 2 кернеуінің стенокардиясы, атеросклероз, коронарлық артерия кальцинозы және басқа да бірқатар диагноз қойылған.

«Жеке әңгіме барысында дәрігер маған коронарлық артерия кальцификациясы науқастың инфарктқа дейінгі жағдайын көрсететінін түсіндірді», — деді Замир Жоошев.

Оның айтуынша, дәрігерлер Алмазбек Атамбаевқа отыруды шектеуге кеңес берген.

«14 сәуірде «Қой-Таш» оқиғалары бойынша қылмыстық істі қарайтын судья Әзірет Медеров экс-президент Алмазбек Атамбаевтың денсаулық жағдайын анықтау бойынша сот-медициналық сараптама тағайындау туралы шешім қабылдады.

Сараптама қорытындысы бойынша экс-президент Алмазбек Шаршенұлына Қырғызстанда немесе шетелде толыққанды медициналық ем алу мүмкіндігі беріледі деп үміттенемін», — дейді адвокат.

Айта кетейік, Алмазбек Атамбаевқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған болатын. Оның ішінде 2019 жылғы 7-8 тамызда Қой-Таш ауылындағы тәртіпсіздіктер, сыбайлас жемқорлық және қылмыстық кірістерді заңдастыру дерекетері бойынша.

kaz.tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.