Алматыда құтқару қызметінің көлігі жердің астына түсіп кетті
Алматының орталығында құтқару қызметінің көлігі жердің астына түсіп кетті
Оқиға Назарбаев көшесі 124-те болған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Кадрлардан арнайы техниканың артқы бөлігі жерге құлағанын көруге болады.
30 сәуір күні құтқару қызметінің экипажы апаттық бұтақтарды кесу үшін шақыру орнына аттанған.
«109 сервисіне тиесілі қызметтік автокөлік жазда құрғақ субұрқақ ретінде пайдаланылған бекітілген гранит плитасының астына құлап кетті. Бұл оқиғаға қарамастан, автокөлік шығарылды және құтқарушылар бригадасы апаттық бұтақтарды кесу жұмыстарын аяқтады», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен Алматы қалалық жасыл экономика басқармасының мамандары шақырылды.