Жамбыл облысында экономикалық өсім 14,2 пайызды құрады


– Жалпы облыс бойынша экономикалық өсім бар. Бірқатар негізгі көрсеткіш бойынша республика көлемінде жоғары нәтижеге қол жеткіздік. Алайда біздің жұмысымыз облыстың орташа көрсеткішімен емес, әр ауданның нақты нәтижесімен бағаланады. Сондықтан көрсеткіштері төмен аудандар жұмысты күшейтіп, нақты нәтижеге қол жеткізуі тиіс, – деді өңір басшысы.Облыс әкімі Меркі, Сарысу және Қордай аудандарында өңдеу өнеркәсібін дамытуға, Байзақ пен Талас аудандарында инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруға, Меркі, Қордай және Байзақ аудандарында құрылыс қарқынын арттыруға басымдық беруді тапсырды.Сондай-ақ ол өзіндік кірістерді ұлғайту, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, мемлекеттік міндеттемелері бар жобаларды уақытылы аяқтау және әр тапсырманың нақты орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін ерекше атап өтті.– Экономикалық өсімнің нақты нәтижесі халықтың тұрмысынан көрінуі керек. Инвестиция – жаңа жұмыс орындарына, құрылыс – пайдалануға берілген нысандарға, ауыл шаруашылығының өсімі – ауыл тұрғындарының табысына айналуы тиіс. Әрбір тапсырманың нақты орындаушысы, мерзімі және нәтижесі болуы қажет, – деді Ербол Қарашөкеев.