Алматы облысында полицей жанжал кезінде әріптесіне оқ атқан

0 329

Алматы облысында полиция қызметкері жанжал кезінде әріптесіне оқ атты

27 сәуірде түн ортасында Райымбек ауданында екі полицей арасында жанжал шыққан. Салдарынан олардың бірі — учаскелік инспектор — Нарынқол аулындағы ауруханаға жатқызылды, себебі әріптесі қызметтік қарудан жамбасына оқ атқан.

«Анық-қанығын білу үшін оқиға орнына бардым. Нәтижесінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталды. Осы факт бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу бастады. Сонымен қатар, жедел қызметтегі кемшіліктер және жеке құрамға бақылауды әлсіреткені үшін сыртқы қызметтердің жұмысын қадағалайтын аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды», — деді Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев.

Әріптестер арасындағы қақтығыс кезінде сол жақта болған қызметкерлер де жұмыстан шығарылып, бірқатар лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапқа тартылғаны атап өтілді.

Қазіргі уақытта жәбірленушінің жағдайы қанағаттанарлық.

kaz.tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.