Павлодарда жолдың ортасында видео түсірген бойжеткен жауапқа тартылды (ВИДЕО)

0 7

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілер өткелінде тұрып киімнің жарнамалық бейнеролигін түсірген қыздың видеосын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 19 шілде күні бойжеткен Павлодар қаласындағы Қайырбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде киімнің жарнамалық бейнеролигін түсіріп, кейін оны Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған.

– Құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушыларының Жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.

Полиция жолдың жүру бөлігінде немесе жаяу жүргіншілер өткелінде бейнеролик түсіру түсірілімге қатысушының өмірі мен денсаулығына ғана емес, жол қозғалысының өзге де қатысушыларына да нақты қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілер өткелі жарнамалық түсірілім жүргізетін орын емес екенін атап өтті. Жол қозғалысы қағидаларын бұзған кез келген адам заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

 

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/285039-pavlodarda-zoldyn-ortasynda-video-tusirgen-boizetken-zauapqa-tartyldy-video

Leave A Reply

Your email address will not be published.