ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: АҚЫРТӨБЕДЕ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ
Ақыртөбе ауылының Қарасу көшесінің тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдап, өз аулаларындағы демалыс аймағында сенбілік ұйымдастырды. Тұрғындар орындықтарды қайта сырлап, қоқыс жәшіктерінің бояуын жаңартты, гүлзарларды арамшөптерден тазартып, айналаны ретке келтірді.
Бірлігі жарасқан көпқабатты үй тұрғындары қоғамдық орынның тазалығына жауапкершілікпен қарап, өскелең ұрпаққа үлгі көрсетуде.

Таза қоршаған орта – әр тұрғынның ортақ міндеті. Сондықтан ауданның әрбір тұрғыны туған жердің тазалығына өз үлесін қосса, өңіріміз бұдан да көркейе түсері сөзсіз.
Құлан Медиа Орталығы