СҚО-да алаяқ азаматтардың жоғалған құжаттарының көмегімен 50 несие рәсімдеген
Солтүстік Қазақстанның елу тұрғыны алаяқтың құрбаны болды. Ол азаматтардың жоғалған жеке куәліктері бойынша онлайн несие рәсімдеген
Петропавл қаласының тұрғыны әлеуметтік желілерде құжатының суретін көрген. Ол жоғалған құжаттар қатарында болған. Ал біраз уақыттан кейін зардап шеккендер мерзімін өтіп кеткен берешектері бар екенін білді.
«Мен тауарлық несие, диван алғым келді. Маған кредит бермей қойды, несие тарихым таза екенін білдім, ал банк менеджері мерзімін өткен қарызым барын айтты. Несие тарихымды қарай бастадым, рас екен, бірақ несиені алмағанмын. Бір айға 225 мың – бұл шағын несие болды», — деді Петропавл қаласының тұрғыны Саят.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 2 мыңнан астам адам жеке куәлігінен айырылды. Алдаудың құрбаны болмас үшін көші-қон полициясының қызметкерлері әлеуметтік желілерде құжаттардың фотосуреттерін жарияламауға кеңес береді.
«Жеке куәлікті кім тапты, оны халыққа қызмет көрсету орталығына әкеліп тапсыру керек. Біз тиісінше оны дерекқорға енгіземіз және жоямыз, осы сәттен бастап құжат жарамсыз болып саналады», — деді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы Динара Айтқожина.