Жоғалып кеткен «Мисс Қызылорда — 2017» Тараздан табылды
Алматыда іздеу жарияланған «Қазақстан аруы-2019» байқауының финалисті Тараз қаласынан табылды
Полиция басқармасы қыздың аман-есен табылғанын хабарлады.
«Анықталғандай, қыз бір күн бұрын ешкімге ескертпестен, Тараз қаласына кетіп қалған. Қыз жақындарымен байланысқа шықты. Ол аман-есен, жағдайы жақсы», — деп хабарлады полиция департаменті.
Еске салсақ, әлеуметтік желілерде «Қазақстан аруы – 2019» байқауының финалисті Гүлнұр Нұртазинаның жоғалғаны туралы ақпарат пайда болды.
Кеше кешкісін Алатау облысының полиция бөліміне қыздың жоғалып кеткені туралы мәлімдеме келіп түсті. Өздеріңіз білетіндей, Гүлнұр Нұртаза — «Мисс Қызылорда-2017» байқауының жеңімпазы болған. Қазір ол Алматы қаласында жұмыс істейді.