Аяусыз соққыға жығады: Ақтаудағы түзету мекемесінде жазасын өтеушілер көмек сұрайды

0 395

Ақтаудағы 172/6 түзету мекемесінде жазасын өтеушілердің туыстары абақтыда отырғандарға зорлық көрсетіліп жатыр деп көмек сұрады. Сотталған азаматтарды түрме қызметкерлері аяусыз соққыға жығады дейді.

«Жазамызды өтеп жатқанда осындай заңсыздыққа тап болдық» дегендер қасық жұтып наразылық та көрсеткен. Ал дәл осы түзету мекемесінде қазір комиссия тексеріс жүргізіп жатыр.

Сотталғандардың туыстарының айтуынша дәл осы түзету мекемесінде мекеме қызметкерлері істі болғандарды ұрып-соғады екен. Тіпті таяуда бір кісі өз-өзіне қол салып, ауруханадан бір-ақ шыққан. Сондай-ақ, бірнеше жазасын өтеуші қасық жұтуға мәжбүр болған.

«Жазасын өтеп жатқан азаматтар тынышымен өтесін жазасын. Ешқандай қанау, зорлық-зомбылық болмасын. Менің сұрайтыным сол», — деді Тілектес Асылбекқызы.

Туыстарының айтуынша, темір торда отырғандар абақты қызметкерлері мазақ етіп, зорлық көрсетіп адами құқықымызды таптады деп шағымданған. Түрме қызметкерлері жәбір көргендерге толық медициналық көмек көрсетпейді деген де шағым бар. Ал қазір түзету мекемесіне қатысты қоғамдық бақылау комиссиясы жеті сотталушының арызы бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.

«Ұстау режимін жеңілдету мақсатында, ахуалды тұрақсыздандыру мақсатында сондай заңсыз іс әрекеттерге барады. Сотталған Төлетаев та, Жакупов та осындай қасық жұтып алды деп айтады. Оның біздің қызметкерлер жұтқызбайды. Ондай іс әрекеттер жоқ», — деді 172/6 түзету мекемесі басшысының орынбасары Азат Садуов.

Абақтыға жүргізіліп жатқан тексеріс бір аптадан соң аяқталады. Егер түрмедегі ұрып-соғу расталса, зорлық көрсеткендер бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Егер жазасын өтеушілер жалған ақпарат берген болса, тиісті рақымшылықтан айырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.